Ф.4.7 -19

 

 Халикова. Н.С.

 

 

«Қазақ әдебиеті сынының тарихы» пәніненен  050205 Филология: Қазақ тілі мамандығы студенттеріне практикалық  сабақтар бойынша

 

әдістемелік нұсқау

 

 

 

Шымкент 2009

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

 

Қазақ әдебиеті кафедрасы

 

 

 Халикова. Н.С.

 

«Қазақ әдебиеті сынының тарихы» пәніненен  050205 Филология: Қазақ тілі мамандығы студенттеріне практикалық  сабақтар бойынша

 

 

әдістемелік нұсқау

Оқу түрі: күндізгі

 

 

Шымкент 2009

ӘОЖ 82175127122 (075.8)

ББК 83

 

Құрастырған ф.ғ.к., аға оқытушы Халикова. Н.С.

 

         «Қазақ әдебиеті сынының тарихы» пәнінен 050205 Филология:  Қазақ тілі мамандығы студенттеріне практикалық сабақтар бойынша әдістемелік нұсқау. Шымкент: М. Әуезов атындағы ОҚМУ, 2008. – 16 б.

 

Әдістемелік нұсқау пәннің оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарына сәйкес құрастырылған, мұнда практикалық сабақтарға қажетті барлық мәліметтер қамтылған. Әдістемелік нұсқау 050205 Филология:  Қазақ тілі мамандығының студенттеріне арналған. Әдістемелік нұсқау оқытудың несиелік жүйесіне сай студенттердің өз бетінше терең ізденіп, шығармашылықпен жұмыс жасауына негізделген.

«Қазақ әдебиеті сынының тарихы» пәнінен практикалық сабақ қазақ сынының тарихын жан-жақты түсіндірумен ерекшеленді.

 

 

 

Пікір білдіруші: Қ. Саттаров – филология ғылымдарының докторы, ОҚМУ профессоры

          Ж.Жүнісбаева – ф.ғ.к., аға оқытушы  М. Сапарбаев атындағы ОҚГИ

 

 

         Қазақ әдебиеті кафедрасында қаралып, баспаға ұсынылды (хаттама                                                         № 9   27.02. 2009 ж.), Филология институтының әдістемелік кеңесі (№ 7

20. 03. 2009 ж.)                                              

 

М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дің әдістемелік кеңесінің шешімімен шығаруға рұқсат етілді, хаттама №       «   »              2009ж

 

 

 

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. 2009

Шығаруға жауапты: ф.ғ.к., аға оқытушы Халикова.Н.С.

 

КІРІСПЕ

        Әдебиет сыны әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процессіне белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан – жақты талдау, оның идеялық көркемдік құнын белгілеу, өз кезінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан жазушыға  жазғандарының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның творчестволық өсуіне тікелей көмек жасаса, екінші жағына оқырманды оқығандарының байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға баулиды.

         Әдеби  сында көркем шығарманы бағалаудың жолдары, тәсілдері, шарттары, ережелері бар. Көркемдік критерий, ең алдымен,  әдеби шығармашылық бағалы жағын көре білу сынның ең үлкен міндетінің өзі осы.

І Практикалық (семинар) сабақтарының мақсаты мен міндеттері 

Қазақ әдебиеттану нақты мәселелерді зерттеуде әдебиеттің ішкі даму заңдылықтарын, жанрлардың ерекшеліктері мен туу жолдарын анықтауға батыл қадам жасап отырған бүгінгі таңда әдебиетімізге зерттеліп жүрген проза, поэзия, драматургия жанрлары сияқты әдебиет сынының да тарихы мен қалыптасу процестері, өзіне тән  шығармашылық жекелеген мәселелері зерттеуді қажет етеді. Осымен байланысты қазақ әдебиетінің сыны мен ғылымының тарихы кезеңдерін білу және қазіргі кезеңдегі сынның эстетикалық деңгейлерін студенттерге таныту пәннің негізгі мақсаты болып табылады. Сондай-ақ, әдеби сынның табиғаты мен әдістері, қызметі (функциясы) принциптері, түрлері, жанрлары туралы оқып үйрету “Қазақ әдебиеті сын тарихы” курсының мақсаты болып табылады.

ІІ  Практикалық сабақтарының мазмұны.

       Әдебиет сыны әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процессіне белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан – жақты талдау, оның идеялық көркемдік құнын белгілеу, өз кезінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан жазушыға  жазғандарының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның творчестволық өсуіне тікелей көмек жасаса, екінші жағына оқырманды оқығандарының байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға баулиды.

    Әдеби  сында көркем шығарманы бағалаудың жолдары, тәсілдері, шарттары, ережелері бар. Көркемдік критерий, ең алдымен,  әдеби шығармашылық бағалы жағын көре білу сынның ең үлкен міндетінің өзі осы.

    Қазақ әдебиеттану нақты мәселелерді зерттеуде әдебиеттің ішкі даму заңдылықтарын, жанрлардың ерекшеліктері мен туу жолдарын анықтауға батыл қадам жасап отырған бүгінгі таңда әдебиетімізге зерттеліп жүрген проза, поэзия, драматургия жанрлары сияқты әдебиет сынының да тарихы мен қалыптасу процестері, өзіне тән  шығармашылық жекелеген мәселелері зерттеуді қажет етеді.

         ІІІ Техникалық құрал-жабдықтар. Магнитофон, диктофон,  электронды оқу құралдары. Т.б.

ІҮ Сабақ өткізу тәртібі. Алдын ала берілген практикалық сабақтың сұрақтары бойынша әр түрлі әдістермен студенттердің білімін, өз бетінше іздену шеберліктерін, оқыған материалдарын еске сақтау қабілетін жан-жақты бақылау.

 

«Қазақ әдебиеті сынының тарихы» пәнінен практикалық  сабақтарының тақырыптары.

 

1 –тақырып:  Қазақтың сыни пікірінің оянуы және әдебиет сынының  пайда болуы. Халықтық эстетика. Қазақ әдебиетіндегі сыншылдық ойлардың негіздері.  Фольклор халық әдебиетіндегі көркем сөздің ролі.

Қамтылатын мәселелер:

- Қазақтың сыни пікірінің оянуы және әдебиет сынының  пайда болуы.

- Халықтық эстетика. Қазақ әдебиетіндегі сыншылдық ойлардың негіздері. 

- Фольклор халық әдебиетіндегі көркем сөздің ролі.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

- Қазақтың сыни пікірінің оянуы және әдебиет сынының  пайда болуы. Халықтық эстетика. Қазақ әдебиетіндегі сыншылдық ойлардың негіздері жайлы саралау.

- Қазақ әдебиеті сыныны ғылымы және оның міндеті мен мақсатын анықта.

- Қазақ әдебиеті сыныны ғылымының маңызын айқында.

- Қазақ әдебиеті сыныны ғылымының қалыптасуы жайлы мағлұматтар жинау.

- Қазақ әдебиеті сыныны ғылымын зерттеген ғалымдар еңбектерімен танысу.

Бақылау сұрақтары:

- Қазақ әдебиеті сыныны ғылымы және оның міндеті мен мақсаты не?

- Қазақ әдебиеті сыныны ғылымының маңызы неде?

- Қазақ әдебиеті сыныны ғылымының қалыптасу тарихы қандай?

- Қазақ әдебиеті сыныны ғылымын зерттеген ғалымдар кімдер?

СӨЖ тапсырмалары:

- Қазақ әдебиеті сыныны ғылымы және оның міндеті мен мақсатын айқындап өзіндік жұмыс жаз.

- Қазақ әдебиеті сыныны ғылымын зерттеген ғалымдар жайлы глоссарий жаса.

 

                                     Пайдаланатын әдебиеттер:

 

1.     Д.Ысқақұлы Сын өнері. А., 2001

2.     Т.Кәкішев Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996

3.     Т.Кәкішев Сын сапары. А., 1974

4.     Т.Кәкішев Оңаша отау. А., 1974

5.     Ә.Нарымбетов Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960, А., 1997

6.     М.Қаратаев Әдебиет және эстетика. А., 1970

 

 

 

2 –тақырып:   Әлемдік әдеби-эстетикалық ой-пікірлер. Көне дәуірдегі сүбелі ойлар.

Қамтылатын мәселелер:

- Әлемдік әдеби-эстетикалық ой-пікірлер.  

- Көне дәуірдегі сүбелі ойлар.

- Қазақ халқының  ежелгі сын өнері.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

- Әлемдік әдеби-эстетикалық ой-пікірлер туралы мағлұматтар жинау. 

- Көне дәуірдегі сүбелі ойлар мен  бүгінгі сын өнерінің арақатынасын анықтау.

- Қазақ халқының  ежелгі сын өнері жайлы  зерттеу жүргізу, мысалдар келтіру.

Бақылау сұрақтары:

- Ежелгі сын өнері жайлы қандай тың мағлұматтар білесің?

- Көне дәуірдегі сүбелі ойлар мен  бүгінгі сын өнерінің арақатынастары  қандай?

- Әлемдік әдеби-эстетикалық ой-пікірлер айтқын қандай ғалымдарды білесің?

- Бүгінгі сын өнерінің даму бағыты  қандай?

СӨЖ тапсырмалары:

-         Сын өнерінің пайда болу, даму тарихы  жайлы өзіндік жұмыс жаз.

-         Әдеби-эстетикалық ой-пікірлер айтқан адамдар тауралы глоссарий жаса.

-         Ежелгі сыни ой-пікірлер мен бүгінгі сын өнері туралы кейс дайында. .

                     

                         Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.     Д.Ысқақұлы Сын өнері. А., 2001

2.     Т.Кәкішев Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996

3.     Т.Кәкішев Сын сапары. А., 1974

4.     Т.Кәкішев Оңаша отау. А., 1974

5.     Ә.Нарымбетов Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960, А., 1997

6.     М.Қаратаев Әдебиет және эстетика. А., 1970

 

3 –тақырып: Қазақтың ұлы ағартушы-демократтарының сыни ойлары. Уалихановтың, Алтынсариннің көркемдік танымы, Абайдың эстетикалық көзқарасы.

Қамтылатын мәселелер:

-  Қазақтың ұлы ағартушы-демократтарының  сыни ойлары.

- Уалихановтың, Алтынсариннің көркемдік танымы.

- Абайдың эстетикалық көзқарасы.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

-  Ағартушы-демократтардың негізгі ұстанған бағытын анықтау.

- Уалихановтың, Алтынсариннің сын өнерінің қалыптасып, дамуына қосқан үлесін анықтау.

- Абайдың эстетикалық көзқарасына талдау жасау.

Бақылау сұрақтары:

- Бағыттың басты сипаты мен көрнекті өкілдері кімдер?

-         Спандияр Көбеевтің қандай еңбектерінде сыни ой-пікірлері  көрінеді?

-         Ы. Алтынсариннің әдеби жанрлардың, әдеби сынның қалыптасуына тигізген әсер-ықпалы қандай?

-         Абай өлеңдерінде, қарасөздерінде көрінген сынның  маңызы қандай?

-         СӨЖ тапсырмалары:

-          «Сын болмай шын болмайды» атты тақырыпқа өзіндік зерттеу жұмысын жаса.

-          «Алғашқы сыни ой-пікірлер» тақырыбында сөзжұмбақ дайында.

 

                      Пайдаланылатын  әдебиеттер:

1.     Д.Ысқақұлы Сын өнері. А., 2001

2.     Т.Кәкішев Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996

3.     Т.Кәкішев Сын сапары. А., 1974

4.     Т.Кәкішев Оңаша отау. А., 1974

5.     Ә.Нарымбетов Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960, А., 1997

6.     М.Қаратаев Әдебиет және эстетика. А., 1970

 

4–тақырып: ХІХ ғасыр және ХХ ғасырдың басында қазақ баспасөзінің тууы. Баспасөз бетіндегі әдебиеттік материалдар. Олардың эстетикалық тәрбиедегі орны. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің  маңызы

Қамтылатын мәселелер:

-         ХІХ ғасыр және ХХ ғасырдың басында қазақ баспасөзінің тууы.

-         Баспасөз бетіндегі әдебиеттік материалдар. Олардың эстетикалық тәрбиедегі орны. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің  маңызы

-         Алғаш журналистиканың қалыптасуы, оның сын өнеріне әсер-ықпалы.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

- ХІХ ғасыр және ХХ ғасырдың басындағы алғашқы қазақ баспасөзі туралы материалдар жина.

- " Айқап ", " Қазақ " газеттерінің қазақ әдебиеті сынының дамуына тигізген әсерін, маңызын анықта.

- Алғашқы сыни мақалалар, олардың кемшіліктерін, бағытын анықта.

Бақылау сұрақтары:

1. ХІХ ғасыр және ХХ ғасыр басында қазақ даласында қандай газет-журналдар пайда болды?

2. Абай шығармашылығына байланысты алғашқы мақала қашан шықты?

3. Алғашқы мақалаларда көрінген қандай негізгі кемшіліктер болды?

4. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қоғам  өмірі жайлы, әдеби шығармалар жайлы  М. Әуезовтің қандай мақалалары бар?

СӨЖ тапсырмалары:

-         «Қазақ газеті қандай болу керек?» тақырыбында өзіндік жұмыс дайында.

-         «Алғашқы қазақ баспасөзі» тақырыбында сөзжұмбақ дайында.

-         «Алғашқы қазақ мақалалары, алғашқы қазақ журналистері» тақырыбында  глоссарий дайында?

                       Пайдаланылатын   әдебиеттер.

1.     Д.Ысқақұлы Сын өнері. А., 2001

2.     Т.Кәкішев Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996

3.     Т.Кәкішев Сын сапары. А., 1974

4.     Т.Кәкішев Оңаша отау. А., 1974

5.     Ә.Нарымбетов Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960, А., 1997

6.     М.Қаратаев Әдебиет және эстетика. А., 1970

 

5 –тақырып: Жазба әдебиеті және сын.

Қамтылатын мәселелер:

-  XX ғасырдың  алғашқы  ширегіндегі  қазақ  әдебиетінің  жалпы  жағдайы. Әдебиеттегі  түрлі  ағымдар  мен   бағыттар.  Әдеби сын мен  әдебиеттану ғылымының  деңгейі.

- М. Әуезовтің  журналистік,  сыншылдық  қызметі.  Алғашқы  әдеби  мақалалары: "Абайдың  өнері  һәм  қызметі", "Қазақ  әдебиетінің  бүгінгі  дәуірі", "Қызыл  сұңқарлар".

- Қазақ  әдебиеті  туралы " Қобыланды   батыр" мақалалары  мен  "Әдебиет  тарихы"  зерттеу  кітабының  әдебиеттану  ғылымындағы  алатын  орны.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

-         XX ғасырдың  алғашқы  ширегіндегі  қазақ  әдебиетінің  жалпы  жағдайы жайлы мағлұматтар жинау.

-         М. Әуезовтің  журналистік,  сыншылдық  қызметін айқындайтын материалдармен танысу.

    -  Алғашқы  әдеби  мақалалары: "Абайдың  өнері  һәм  қызметі", "Қазақ  әдебиетінің  бүгінгі  дәуірі", "Қызыл  сұңқарларды" оқу.

Бақылау сұрақтары:

1. XX ғасырдың  алғашқы  ширегіндегі  қазақ  әдебиетінің  жалпы  жағдайы қандай болды?

2. XX ғасырдың  алғашқы кезеңінде әдебиетте қандай ағымдар  мен   бағыттар пайда болды?

- М. Әуезовтің  журналистік,  сыншылдық  қызметін нақты мысалдар келтіре отырып дәлелде. 

- Алғашқы  әдеби  мақалалары: "Абайдың  өнері  һәм  қызметі", "Қазақ  әдебиетінің  бүгінгі  дәуірі", "Қызыл  сұңқарлар" қандай мәселелерді көтереді?

СӨЖ тапсырмалары:

-         «Қазақ әдебиеттану ғылымы және М. Әуезов шығармашылығы» тақырыбында өзіндік жұмыс жаса.

-         М. Әуезовтің  журналистік,  сыншылдық  қызметіне байланысты глоссарий жаса.

 

                                    Пайдаланылатын   әдебиеттер:

1.     Д.Ысқақұлы Сын өнері. А., 2001

2.     Т.Кәкішев Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996

3.     Т.Кәкішев Сын сапары. А., 1974

4.     Т.Кәкішев Оңаша отау. А., 1974

5.     Ә.Нарымбетов Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960, А., 1997

6.     М.Қаратаев Әдебиет және эстетика. А., 1970

 

6 –тақырып: ХХғ. 20 жылдардағы қазақ әдеби сынының дамуы. Коммунистік партияның әдебиет саласындағы саясаты.   Қазақ әдебиетінің дамуы жайлы пікірталастар.

Қамтылатын мәселелер:

- ХХғ. 20 жылдардағы қазақ әдеби сынының дамуы.

- Коммунистік партияның әдебиет саласындағы саясаты.  

- Қазақ әдебиетінің дамуы жайлы пікірталастар.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

-         ХХ ғ. 20 жылдардағы қазақ әдеби сынының даму бағытын анықтау.

-         Саяси жағдайлардың сын өнерінің дамуына әсерін айқындау.

-         Қазақ әдебиеті мен сыны жайлы пікірталастар. 

Бақылау сұрақтары:

-         Сынның жанрлық формалары қандай?

-         Алғашқы азатшыл әдебиет дегенді қалай түсінесің?

-         ХХ ғасыр  бас кезінде өмір сүрген ақын-жазушылардың қазақ әдебиеті мен сынының дамуына тигізген әсері қандай болды? Не себепті алғаш туындаған шығармаларға сын көп болды?

СӨЖ тапсырмалары:

- ХХ ғасыр басындағы  қазақ әдебиетіндегі ізденістерге қатысты глоссарий құрастыр.

- «Алғашқы азатшыл әдебиет» тақырыбында өзіндік жұмыс жаса.

 

Пайдалынылатын әдебиеттер:

 

1.     1 Д.Ысқақұлы Сын өнері. А., 2001

2.     Т.Кәкішев Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996

3.     Т.Кәкішев Сын сапары. А., 1974

4.     Т.Кәкішев Оңаша отау. А., 1974

5.     Ә.Нарымбетов Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960, А., 1997

6.     М.Қаратаев Әдебиет және эстетика. А., 1970

 

7 –тақырып:  30-шы жылдардағы көркем әдебиет ұйымдарын қайта құру шаралары. Жазушылар одағының құрылуы. 

Қамтылатын мәселелер:

- 30-шы жылдардағы көркем әдебиет ұйымдарын қайта құру шаралары.                 

-Жазушылар одағының құрылуы. 

- 30-шы жылдарда жарыққа шыққан көркем әдеби шығармалар.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

-         ХХ ғасырдың бас кезіндегі мәдени-әлеуметтік дамудың көріністерін айқында.

-         Саяси жағдайлардың әдеби дамуға әсерін айқында.

-         1932 жылы «Көркем әдебиет ұйымдарын қайта құру туралы» қаулының әдебиет пен сынның дамуына әсерін анықта.

-           М. Әуезовтің, С. Мұқановтың, Е. Ысмайыловтың, З. Ахметовтың т. б. Абай шығармашылығына байланысты жазған еңбетктеріне зерттеу жүргіз.

Бақылау сұрақтары:

1. 30-шы жылдары  ақын-жазушылардың  әдеби шығармашылық көзқарас танымының қалыптасуына Абай өлеңдерінің әсері қандай блды?

- Осы жылдары Абай шығармаларын жинап, сараптап, жариялау жұмыстары қалай жүрді? 

- 1937 жылы Қазақстан жазушыларының кезекті өткен бірінші пленумында С. Мұқановтың «Қазақ совет әдебиетінің хал-жайы және міндеттері», М. Қартаевтың «Қазақ әдебиетіндегі сынның міндеттері», М. Әуезовтің «Қазақ фольклоры туралы» баяндамаларының әдебиет пен сын өнерінің дамуына тигізген әсерін  бағдарлау.

СӨЖ тапсырмалары:

-         «Әдебиет және сын мәселесі» тақырыбында  эссе жаз.

    - «30-шы жылдардағы көркем әдебиет» тақырыбында сөзжұмбақ дайында.

 

                   Пайдалынылатын әдебиеттер:

1.      Д.Ысқақұлы Сын өнері. А., 2001

2.     Т.Кәкішев Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996

3.     Т.Кәкішев Сын сапары. А., 1974

4.     Т.Кәкішев Оңаша отау. А., 1974

5.     Ә.Нарымбетов Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960, А., 1997

6.     М.Қаратаев Әдебиет және эстетика. А., 1970

 

8 –тақырып: Соғыстан кейінгі дәуірде қазақ әдебиеті сынының дамуы, өркендеуі. Партияның көркем әдебиет пен өнер жайлы қаулылары. 1946-1948 жж 40-50 жылдардағы қазақ әдебиетінің табыстары

Партияның ХХ съезі. Әдебиеттегі «Жылымық» оның әдеби қозғалыс пен әсері. С.Сейфуллиннің, Б.Майлиннің, І.Жансүгіровтің ақталуы. Олардың еңбектерін жариялау, зерттеу саласындағы жұмыстар

Қамтылатын мәселелер:

- Соғыстан кейінгі дәуірде қазақ әдебиеті сынының дамуы, өркендеуі.

-Партияның көркем әдебиет пен өнер жайлы қаулылары. 1946-1948 жж 40-50 жылдардағы қазақ әдебиетінің табыстары

- Партияның ХХ съезі. Әдебиеттегі «Жылымық» оның әдеби қозғалыс пен әсері.

- С.Сейфуллиннің, Б.Майлиннің, І.Жансүгіровтің ақталуы. Олардың еңбектерін жариялау, зерттеу саласындағы жұмыстар

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

-         Соғыс жылдарындағы қазақ әдебиетінде М.Әуезов, С.Мұқанов,

Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағамбетов, Ғ.Ормановтар, майданда Ә.Сәрсенбаев, Қ.Аманжолов, Т.Жароков, Ж.Саин, Д.Әбілев, А.Жұмағалиев, Б.Бұлқышев, Б.Момышұлы, С.Сейітов, Ж.Молдағалиев, Х.Ерғалиев, С.Мәуленов сияқты ақындар қару жастана жүріп қаламды қолдарынан тастамады. Аты аталған ақын-жазушылардың шығармаларымен танысу.

-         Соғыс кезіндегі Жамбыл шығармашылығы турылы мағлұматтар жинау.

- Соғыс жылдарындағы сында елеулі еңбек еткен сыншы-ғалымдардың, жазушылардың еңбектерімен танысу. (Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, Т.Нұртазин, С.Төлешев, Б.Шалабаев, А.Лекеров, М.Бөжеев, Қ.Жармағамбетовтар, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ә.Тәжібаев)

Бақылау сұрақтары:

-         Ғ.Мүсіреповтің мақаласында Қ.Аманжоловтың «Абдолла» поэмасы соғыс

кезіндегі қазақ поэзиясының аса ірі табысы ретінде бағаланғаны туралы баяндау.

-         Соғыс жылдарында жазылған Ә.Тәжібаевтың «Қазақ әдебиетінің бүгінгі

міндеттері» («Әдебиет майданы», 1941, №4), М.Әуезовтің «Ерлік-елдің сыны» («Социалистік Қазақстан», 1941, 30-шілде), Қ.Бекхожиннің «Ерлікті жырлайық» («Лениншіл жас», 1941, 10шілде), Б.Кенжебаевтың «Қаһарлы сөз қамал бұзады» («Социалистік Қазақстан», 1941, 4-қыркүйек), Қ.Жармағамбетовтың «Жауға өшпенділікті кернете түседі» («Социалистік Қазақстан», 1942, 29-қараша) мақаларымен танысу.

СӨЖ тапсырмалары:

-         «Соғыс жылдарындағы сын» атты тақырыпта өзіндік жұмыс жазу.

-         «Соғыс жылдары кезіндегі ақын-жазушылар» глоссарий құрастыр.

                    

                     Пайдалынылатын   әдебиеттер.

1.     Д.Ысқақұлы Сын өнері. А., 2001

2.     Т.Кәкішев Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996

3.     Т.Кәкішев Сын сапары. А., 1974

4.     Т.Кәкішев Оңаша отау. А., 1974

5.     Ә.Нарымбетов Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960, А., 1997

6.     М.Қаратаев Әдебиет және эстетика. А., 1970

 

9 –тақырып: Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуы.

Қамтылатын мәселелер:

- А. Байтұрсынов әдебиет теориясын қалыптастырушы.

- Қ. Жұмалиевтың әдебиеттену ғылымына қосқан үлесі.

- З. Ахметов өлең сөздің теоретигі.

- З. Қабдолов әдебиеттанушы-ғалым. 

- А. Нұрқатов мұхтартанушы ғалым.

- Р.  Бердібаев зерттеулеріндегі әдебиеттану мәселелері.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

- А. Байтұрсынов, Қ. Жұмалиев, З. Ахметов, З. Қабдолов еңбектерімен танысу.

- А. Нұрқатовтың мұхтартануға байланысты жазған еңбегімен танысу.

- Р. Бердібаев зерттеулеріндегі мұхтартану мәселелерін айқындау.

- К.Сыздықовтың М. Әуезовке байланысты жазған еңбектерін қарау.

Бақылау сұрақтары:

- Қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағыты қандай?

- Р.  Бердібаев әдебиеттану мәселелеріне байланысты қандай пікірлер айтты?

- З. Қабдоловтың  әдебиет сынына байланысты  қандай шығармалары бар?

СӨЖ тапсырмалары:

- «М. Әуезов шығармалары М. Мырзахметов зерттеуінде» тақырыбында өзіндік жұмыс жаса.

- « Әдебиеттанушы-ғалымдар» тақырыбында глоссарий жаса.

          

                Пайдалынылатын   әдебиеттер:

 

1.     Д.Ысқақұлы Сын өнері. А., 2001

2.     Т.Кәкішев Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996

3.     Т.Кәкішев Сын сапары. А., 1974

4.     Т.Кәкішев Оңаша отау. А., 1974

5.     Ә.Нарымбетов Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960, А., 1997

6.     М.Қаратаев Әдебиет және эстетика. А., 1970

 

10 –тақырып: Қазақ әдебиетінің тарихын жаңаша жүйелеу және дәуірлеу. Түркі халықтарына ортақ көне мұралардың қазақ әдебиетіне ықпалымен жалпы түріктік байланыстары. Ауыз әдебиетін зерттеу саласындағы еңбектер. Ауыз әдебиеті мұраларын жинап, бастыру шаралары. Қазақ эпосын Р.Бердібаев, О.Нұрмағамбетова, Ш.Ыбыраев зерттеуі.

Қамтылатын мәселелер:

- Қазақ әдебиетінің тарихын жаңаша жүйелеу және дәуірлеу. Түркі халықтарына ортақ көне мұралардың қазақ әдебиетіне ықпалымен жалпы түріктік байланыстары.

- Ауыз әдебиетін зерттеу саласындағы еңбектер. Ауыз әдебиеті мұраларын жинап, бастыру шаралары.

- Қазақ эпосын Р.Бердібаев, О.Нұрмағамбетова, Ш.Ыбыраев зерттеуі.

 

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

- Қазақ әдебиеті тарихын зерттеген ғалымдар еңбектерімен танысу.

- Ауыз әдебиетін зерттеу саласындағы еңбектер жайлы мағлұматтар жинау.

- Р.Бердібаев, О.Нұрмағамбетова, Ш.Ыбыраев зерттеулеріндегі ауыз әдебиетіне талдау жасау.

Бақылау сұрақтары:

-         Қазақ әдебиетін жүйелеудегі Х. Сүйіншәлиев еңбектері жайлы не білесің?

-         Кеңес дәуіріңдегі қазақ фольклористикасының қалыптасу, даму жолдары.

- Қазіргі    қазақ    фольклористикасындағы    типологиялық    және    жүйелі функционалдық зерттеу әдістері қандай?

- Ғабдуллин М. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» еңбегінің маңызы қандай?

- М. Әуезовтің қазақ халқының ауыз әдебиеті туындыларын жинап, жариялауға қосқан үлесі, қазақ фольклоры жайлы ой-пікірлері қандай?

СӨЖ тапсырмалары:

-         «Қазіргі қазақ әдебиеті және фольклор» тақырыбында өзіндік жұмыс жаса.

-         Кеңес дәуіріңдегі қазақ фольклористикасының қалыптасу, даму жолдары.

-         байланысты глоссарий жаса.

 

                 Пайдалынылатын әдебиеттер:

 

 

1.     Т.Кәкішев Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996

2.     Т.Кәкішев Сын сапары. А., 1974

3.     Т.Кәкішев Оңаша отау. А., 1974

4.     Ә.Нарымбетов Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960, А., 1997

5.     М.Қаратаев Әдебиет және эстетика. А., 1970

 

11 –тақырып: Шоқан, Ыбрай, Абай шығармашылығы жайлы жаңа еңбектері. Ә.Марғұлан, Ш. Сәтпаева, З.Ахметов,   Қ. Мұхаметханов, Ж.Ысмағұлов,    М. Мырзахметов, Абайтанудың тарихы ондағы қаишылықты жағдайлар. Абай мұрасы Қ.Жұбановтың, М. Әуезовтың еңбектері. С.Мұқановтың зерттеуі соңғы Жылдардағы зерттеулер.   

Қамтылатын мәселелер:

- Шоқан, Ыбрай, Абай шығармашылығы жайлы жаңа еңбектер.

- Ә.Марғұлан, Ш. Сәтпаева, З.Ахметов,  Қ. Мұхаметханов, Ж.Ысмағұлов,    М. Мырзахметов, Абайтанудың тарихы ондағы қайшылықты жағдайлар.

- Абай мұрасы Қ.Жұбановтың, М. Әуезовтың еңбектерінде.  С.Мұқановтың соңғы жылдардағы зерттеулері.   

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

-         Шоқан, Ыбрай, Абай шығармашылығы жайлы жаңа еңбектермен танысу.

Ә.Марғұлан, Ш. Сәтпаева, З.Ахметов,  Қ. Мұхаметханов, Ж.Ысмағұлов,          М. Мырзахметов, Абайтанудың тарихы ондағы қайшылықты жағдайларды анықтау.

- М. Әуезовтің  әдеби шығармашылық көзқарас танымының қалыптасуына Абай өлеңдерінің әсері қандай блды?

- Абай шығармаларын жинап, сараптап, жариялау жұмыстары қазақ әдебиетінде қалай жүргізілді? 

- М. Әуезов және т. б. ғалымдар Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы дерек, мағлұматтарды, архив құжаттарын мен көнекөз қариялардың естеліктерін қалай іздестіріп жинақтады?

СӨЖ тапсырмалары:

-         М. Әуезовтің «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» монографиясы туралы өзіндік кейс жаса.

-  «Шоқан қазақ ғылымының жарық жұлдызы» тақырыбында шығарма жаз.

-         С. Мұқановтың әдебиет тарихына байланысты айтқан ой-пікірлері.

 

Пайдалынылатын әдебиеттер:

1.     Т.Кәкішев Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996

2.     Т.Кәкішев Сын сапары. А., 1974

3.     Т.Кәкішев Оңаша отау. А., 1974

4.     Ә.Нарымбетов Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960, А., 1997

5.     М.Қаратаев Әдебиет және эстетика. А., 1970

 

12 –тақырып: XX ғ. барысындағы қазақ әдебиеті тарихының зерттелуі.

Б. Кенжебаев. Бұл саладағы жаңа еңбектер  А. Байтұрсынов  пен М. Дулатов шығармаларының  басылуы. Олар жайлы зерттеулер. Ш.Құдайбердиев (Ш.Сәтпаев), С.Торайғыров «А.Еспенбетов» Ғ.Қарашов (Қ.Сыздықов) т.б жаңа зерттеулер. Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетін зерттеу ісінің жалғасуы. С. Сейфуллин С.Қирабаев,   Е. Ысмайлов,  Т. Кәкішев т.б. шығармашылығы жайлы зерттеулер.

Қамтылатын мәселелер:

- XX ғ. барысындағы қазақ әдебиеті тарихының зерттелуі.

- Б. Кенжебаевтың  бұл саладағы жаңа еңбектері.

-  А. Байтұрсынов пен М. Дулатов шығармаларының  басылуы. Олар жайлы зерттеулер. Ш. Құдайбердиев (Ш.Сәтпаев), С. Торайғыров «А.Еспенбетов»         Ғ. Қарашов (Қ.Сыздықов) т.б жаңа зерттеулер.

- Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетін зерттеу ісінің жалғасуы. С. Сейфуллин   шығармашылығының С. Қирабаев, Е. Ысмайлов, Т. Кәкішев т.б. ғалымдар еңбектерінде  зерттелуі.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

- Б. Кенжебаевтың  қазақ халқының ауыз әдебиеті туындыларын жинап, жариялауға қосқан үлесін айқындау. Қазақ фольклоры жайлы ой-пікірлермен танысу.

- Қазақ фольклоры туралы зерттеулердің ғылыми мәні. Халық ауыз әдебиетін зерттеп танудағы еңбектермен танысу. Қазақтың ауыз әдебиеті жайлы                                        А. Байтұрсыновтың ой-толғамдарын білу.

- "Әдебиет тарихы" кітабының қазақ әдебиеттану ғылымында алатын орнын анйқындау.

- Әдебиет тарихын дәуірлеу тәжірибесі жайлы конспект жасау. Көшпелі дәуір әдебиеті мен зар заман ақындары жайлы ой-пікірлері. Жыраулар поэзиясы мен оның басты өкілдері туралы ой-пікірлеріді білу.

-         М. Әуезовтің әдебиет тарихын дәуірлеуге қосқан үлесін айқындау.

Бақылау сұрақтары:

- Б. Кенжебаевтың  қазақ халқының әдебиетін дәуірлеуге қосқан үлесі қандай?

- С.Қирабаев,    Е. Ысмайлов,  Т. Кәкішев қазақ әдебиеті жайлы қандай ой-пікірлер білдірген?

- Қазақ ауыз әдебиеті туралы зерттеулерінің ғылыми мәні қандай?

- "Әдебиет тарихы" кітабының қазақ әдебиеттану ғылымында алатын орны қандай?

СӨЖ тапсырмалары:

-         «М. Әуезов – әдебиет тарихын зерттеуші» тақырыбында өзіндік жұмыс жаса.

-         "Әдебиет тарихын зерттеуші ғалымдар" тақырыбына кейс жаса.

 

Пайдалынылатын әдебиеттер:

 

1.     Т.Кәкішев Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996

2.     Т.Кәкішев Сын сапары. А., 1974

3.     Т.Кәкішев Оңаша отау. А., 1974

4.     Ә.Нарымбетов Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960, А., 1997

5.     М.Қаратаев Әдебиет және эстетика. А., 1970

 

13 –тақырып:  Қазақстандағы әдеби-теориялық ой-пікірлердің дамуы. А.Байтұрсынов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайыловтың бұрынғы еңбектері. әдеби стиль  өлең құрылысы мен өлең сөздің теориясы, сөз өнері жайлы зерттеу еңбектері. Қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет сынының бүгінгі күйі, проблемалары.

Қамтылатын мәселелер:

- Қазақстандағы әдеби-теориялық ой-пікірлердің дамуы.

- А.Байтұрсынов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайыловтың бұрынғы еңбектері. әдеби стиль  өлең құрылысы мен өлең сөздің теориясы, сөз өнері жайлы зерттеу еңбектері.

- Қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет сынының бүгінгі күйі, проблемалары.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

- Қазақстандағы әдеби-теориялық ой-пікірлердің дамуы туралы материал жина.

- А.Байтұрсынов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайыловтың әдебиет теориясына сіңірген еңбектерін атап көрсет.

- Өлең құрылысы мен өлең сөздің теориясы, сөз өнері жайлы зерттеу еңбектеріне зерттеу жасап, конспект жаз. (З. Ахметов, З. Қабдолов,                       Қ. Жұмалиев т.б.).

- Қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет сынының бүгінгі күйі, проблемалары.

Бақылау сұрақтары:

-         «Әдебиет танытқыш» еңбегінің әдебиет тарихындағы орнын анықта.

-         «Әдебиет теориясы», «Сөз өнері» кітаптарына сипаттама жаса.

-         Өлең құрылысы мен өлең сөздің теориясын қалыптастырған

ғалымдарыдың еңбектеріне талдау жаса.

СӨЖ тапсырмалары:

 - «Сөз өнері және әлем әдебиеті» тақырыбында өзіндік жұмыс жаса.

- Әдебиет теориясын зерттеген ғалымдар еңбектеріне байланысты  глоссари жаса.

     Пайдалынылатын әдебиеттер:

 

1.     Т.Кәкішев Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996

2.     Т.Кәкішев Сын сапары. А., 1974

3.     Т.Кәкішев Оңаша отау. А., 1974

4.     Ә.Нарымбетов Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960, А., 1997

5.     М.Қаратаев Әдебиет және эстетика. А., 1970

 

14 –тақырып: Оқулық жасау және әдебиет тарихын дәуірлеу  мәселелесі.

Қамтылатын мәселелер:

- Оқулық жасау және әдебиет тарихын дәуірлеудің өзекті мәселелері.

- Әдебиет тарихын дәуірлеу ғылымының бүгінгі таңдағы зерттелу жай-күйі.

- Әдебиет тарихын дәуірлеу ғылымына байланысты ғылыми еңбектер, монографиялар.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

-         Оқулық жасаудың тарихи негізі туралы материалдар жина.

-         Әдебиет тарихын дәуірлеудегі ғалымдардың еңбектерімен тарыс. Б. Кенжебаев, Х. Сүйіншәлиев т.б.

-         Әдебиет тарихын дәуірлеудегі басты мәселелерді атап көрсет.

-         Қазақ әдебиетінің тарихының бастау көзі қайдан басталады?

Бақылау сұрақтары:

-Бүгінде әдебиет тарихын дәуірлеу ғылымына байланысты қандай өзекті мәселелері айқындалған?

- Елімізде оқулық жасау тарихы қандай?

СӨЖ тапсырмалары:

- «Оқулық жасаудың өзекті мәселелері» тақырыбында өз пікіріңді білдіре отырып,  өзіндік жұмыс жаз.

- «Оқулық және халық тағдыры» тақырыбында шығарма жаз. 

- Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеуге байланысты жазылған ғылыми еңбектерге байланысты глоссарий дайында.

 

Пайдалынылатын әдебиеттер:

1.     Т.Кәкішев Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996

2.     Т.Кәкішев Сын сапары. А., 1974

3.     Т.Кәкішев Оңаша отау. А., 1974

4.     Ә.Нарымбетов Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960, А., 1997

5.     М.Қаратаев Әдебиет және эстетика. А., 1970

 

15–тақырып:  Қазақ әдеби сынының бүгінгі жай-күйі.

Қамтылатын мәселелер:

-         Қазіргі қазақ әдебиеті мен сынының жай-күйі.

-         Қазіргі қазақ жазушылары.

-         Қазіргі сыншы-ғалымдар.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

-         З. Қабдоловтың әдебиет дамуындағы орнын анықта.

-          Қазіргі қазақ прозасының жай-күйі.

-         Қазақ өлеңі және өлең құрылысын зертеуші ғалымдар.

Бақылау сұрақтары:

-  «Т. Тоқбергенов - әдебиет сыншысы» тақырыбына баяндама дайында.

- С. Әшімов еңбектеріне талдау жаса.

- Қазіргі қазақ әдебиетінің басты бағыты қандай?

СӨЖ тапсырмалары:

- Әуезов және қазіргі әдебиет тақырыбында өзіндік жұмыс жазу.

- «Қазіргі қазақ сыны» тақырыбында сөзжұмбақ құрастыру.

- С. Қирабаев, С. Әшімбаев, Қ. Әбдезұлы т. б. ғалымдар еңбектері бойынша  глоссарий дайындау.

 

Пайдалынылатын әдебиеттер:

1.     2 Т.Кәкішев Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996

2.     Т.Кәкішев Сын сапары. А., 1974

3.     Т.Кәкішев Оңаша отау. А., 1974

4.     Ә.Нарымбетов Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960, А., 1997

5.     М.Қаратаев Әдебиет және эстетика. А., 1970

    6. Ахметов З. Поэтика эпопеи "Путь Абая" в свете истории ее создания. А., 1984 г.

      7. Қазақ әдебиетінің тарихы. 8 том. А., 2004 ж. -130-169 б.б.